Цирроз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(iрi препарат ) гепатоцеллюляр карцинома келтiрген бауыр циррозы

Цирроз (грек. cіrrhosіs; лат. kіrrhos — лимон түсті сары және osіs — жұрнағы) — паренхиматоздық органдарда дәнекер тінінің мөлшерден тыс өсуі салдарынан олардың құрылымының тығыздалып, өзгеріске ұшырауы.

Мазмұны

Ашуды тарих[өңдеу]

Бұл терминді 1819 ж. француз ғалымы Р.Лаэннек (1781 — 1826) ұсынған. Цирроздың ішінде жиі кездесетіні және ауыр өтетіні — бауыр циррозы. Бұл бауыр клеткаларының зақымдануынан және олардың өлуінен бауырдың қызметінің бұзылып, аурудың созылмалы түрге ауысуынан дамиды.

Этиология[өңдеу]

100 000 тұрғындағы бауыр циррозы бар емделушiлерiнiң 2004 жылында еңбекке жарамсыздықтан түзетiлген өмiрлер жылдар.
██ Мәлiметтер жоқ жоқ ██ кемірек 50 ██ 50—100 ██ 100—200 ██ 200—300 ██ 300—400 ██ 400—500 ██ 500—600 ██ 600—700 ██ 700—800 ██ 800—900 ██ 900—1000 ██ көбірек1000

Бауыр Циррозның дамуына вирусты гепатитті дер кезінде емдемеу әсер етеді (қ. Гепатит). Көп жағдайда бауырға аса қауіпті зиянды заттардың (төртхлорлы углерод, хлороформ, мышьяк, фосфор, т.б.) әсері, кейбір дәрі-дәрмектерді (әр түрлі антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, т.б.) шамадан тыс ішу, өт жолдарының бітеліп қалуы және олардың қабынуы да аурудың асқынуына алып келеді. Сондай-ақ ішімдікті мөлшерден тыс қабылдау бауыр үшін өте қауіпті (қ. Маскүнемдік). Бауыр Циррозның білінуі аурудың формасы мен ауру дәрежесіне байланысты. Ауру адамды жылдар бойы мазаламауы мүмкін, бірақ бауырға мед. зерттеулер жүргізгенде, бауырдың тығыздалып және зақымдала бастағаны көрінеді. Кейін адамда әлсіздік пайда болып, жүдейді, дене темп-расы көтеріліп, науқаста сары аурудың белгілері айқын біліне бастайды, құрсақ қуысына сұйықтықтың жиналуынан ауру адамның іші ісіп кетеді. Ауру асқынғанда жұтқыншақ пен асқазанның кеңейген веналарынан қан кетіп, бауыр комасы басталады (қ. Кома). Геморраг. синдромның өріс алуынан мұрыннан, әйелдерде жатырдан қан кетіп, қызыл иектің қанталауы мүмкін. Бауыр Циррозын емдеу өте ұзақ процесс, науқасты міндетті түрде ауруханада емдейді.

Параметр Баллдар 1 2 3
Асцит Жоқ Жұмсағы, емдеуге оңай ерiксiз көнедi Кернеулi, кiлегейлен емдеуге ерiксiз көнедi
Энцефалопатия Жоқ Жеңiлi (I—II) Салмақты (III—IV)
Билирубин, мкмоль/л(мг%) аздау 34 (2,0) 34—51 (2,0—3,0) көбірек 51 (3,0)
Альбумин, г көбірек 35 28—35 аздау 28
ПТВ, (сек) или ПТИ (%) 1—4 (көбірек 60) 4—6 (40—60) көбірек 6 (аздау 40)
Қоректену Жақсы Орташасы Баяуланы

Емделу[өңдеу]

Дәрілік препараттармен қатар (эссенциале, карсил, верошпирон, фуросемид күніне 40 мг, т.б.). науқастың тамақ рационында ақуызды-витаминді қоректік заттар басым болып, майлы және тұзды тамақты рационнан мүлдем шығару керек. Науқасқа сүт тағамдары мен жеміс-жидектері пайдалы. Қшімдіктен аулақ болу қажет.[1][2]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 18 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


Мақала бастамасы Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
«http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Цирроз&oldid=2103316» бетінен алынған
Санат:
Жасырын санат:

Бағыттау мәзірі

Жеке құралдар

  • Тіркелу
  • Кіру

Есім кеңістіктері

  • Мақала
  • Талқылау

disable

  • disable
  • Кирил
  • Latın
  • توتە
  • disable
  • disable
  • disable

Көрініс

Тағы

Іздеу

Шарлау

Құралдар

Басқа тілдерде

  • Türkçe
Сілтемелерді өңдеу

Могут ли при операции варикоцеле перевязать семянной канатик, Славянские заговоры от геморроя, Как лечить псевдомембральный колит?, Уирс по хирургии полип желудка, Гепатит в с дефектным серонегативным hbs-антигеном, Ванночки для ног болят вены, От чего может быть варикоз на матке, Заварной крем из молока